Мектеп туралы

«Кешкі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарихынан

№ 1 Жұмысшы   жастардың  кешкі   орта   мектебі  1949 жылдан   бастап  жұмыс   істей  бастады. Мектептің   бірінші   директоры  Мелих  М.А.  болды. 1953-1974 ж.ж.   өз  жұмысын   сүйетін  Е.Н. Архиреев  басқарды. Оқу  меңгерушісі  болып  қалаға  танымал  орыс  тілі  мен   әдебиеті  пәнінің  мұғалімі Эвелина   Семеновна  жұмыс  істеген  болатын. Ересек   адамдар  үлкен   ұзтаздың   әрбір   сабағын  зор  ықыласпен   тыңдайтын. Мектеп  Тұрғын  үй  қалашығында  Гоголь  атындағы  орта  мектептің  ғимаратында  орналасты. Оқыту  кешке  басталатын. Соғыстың  кесірінен  оқи  алмай   қалған  ересек   адамдарға  бастауыш   мектептен  бастауға  тура  келді. Мектепті  ГМӨЗ  өз  қамқорлығына  алды. Мектеп  оқушыларының   70 %  –  зауыт  жұмысшылары  болатын. Күні  бойы  жұмыс  істеген   ересек  адамдар  кешкі  7-ден   11-ге  дейін  оқитын.
Біздің  мектептің  түлектерінің  ішінде  –   Пустохайлов  И.Д. –  бұрынғы  қала  әкімі, Есенов   Ж.И. – ГМӨЗ-ң бас  есепшісі, Заморенов  Ю. – зауыттың   бас  механигі   бар.
60-жылдардың  «романтиктерінің»  көбі  біздің   мектептен   білім   алып, ЖОО  білімін   жалғастырды. Көбі  бұрынғы   Кеңестің  түрлі   қалаларына   тарап   кетті.
Мектепте   тәжірибелі   мұғалімдер:  Архиреев  Е.Н., Киреева  Н.И., Прикмета  И.Р., Попова  Э.С. жұмыс  істеді.
1978 ж.  мектеп   өз   бетінше   ғимарат  алып, оқытудың   кешкі  формасын   сақтай   отырып, оқытудың   күндізгі  түріне   көшті. «Білім  туралы   Заңды»   орындай  отырып, барлық   өндіріс   орындары   өз  қызметкерлерін  орта   білім  алу  үшін  жіберіп   отырды. Қалада  № 2, № 3, № 4   кешкі   мектептер  де   жұмыс  істеді.
«Оңтайландыру»   кезеңі    басталды. Барлық   мектептер  біздің  № 1 кешкі   мектепке   қосылды.  1987 ж. оқушылар  саны  400 жетті. Мектеп   4 рет   қоныс  аударды. 1997 ж.  19  наурызда   Атырау   қалалық   әкімі  Ткенбаевтың  № 1390  « Қалалық   білім  беру  бөлімінің  штаттық   бірліктерін   қысқарту»  туралы   шешімі  қабылданды   және  1997 ж.   1  шілдесінен  бастап   барлық   кешкі   мектептерді  бір  мектепке   біріктіріп, бұрынғы  балабақшаның    ғимаратын   №1  біріктірілген  кешкі   мектепке   беру   ұйғарылды.
Кешкі (ауысымды)   мектеп   туралы  Ережеге   сәйкес  оқу   мерзімі  3  кезеңнен    3  жылды  құрады, күндізгідей  2  емес, басқаша  айтқанда  оқу  12- сыныпта   аяқталды.
Атырау   қаласының  №1  Жұмысшы   жастардың  кешкі  орта  мектебі  өзіне   жоғарғы  сынып   оқушыларының   орта   мектебі   деген   атты   таңдады. Ереже, Жарғы,  құрылымы, оқу   жоспары  жасақталды.
№1 кешкі  орта   мектептің   бастамасын  құптап, қала   әкімінің   1997 ж. 16  мамырда  Атырау қаласындағы Остовского көшесі 13 ғимаратын орналасқан бұрынғы №8 балабақша орнына  Атырау   қаласының   жоғарғы  сынып  оқушыларының орта мектебінің   ашылуы туралы  шешімі  қабылданды.  ЖСООМ  туралы  Ережеге   сәйкес    жоғарғы   сынып    оқушыларының   орта   мектебі    әлеуметтік  тапсырысқа  сәйкес   тұлғаның негізгі  және   орта   білім  алу  қажеттілігін   жүзеге   асырылуын   қамтамасыз  ететін  білім  беру  мекемесі  болып  табылды.
Мектеп  жұмысының жаңа режіміне өтті. 1997 ж. 12  сыныптық   оқуды  қысқартуға   мүмкіндік  беретін 11-ші  жеделдетілген  сынып  ұйымдастырылды. Осындай   аты  бар    мектеп  Қазақстанда   біреу-ақ болды.
Жалпы мектеп  оқушыларының дені ересек жастағы түрлі себептермен оқуын жалғастыра алмаған, жұмыс жасайтын оқушылардың көбейуіне байланысты мектеп Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігімен 16 шілде 2015 жылы №1614 қаулысына сәйкес мектеп атауы «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Кешкі  мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертіліп, негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып аптасына 4 күнде оқытып, негізгі және орта білім алуға мүмкіндік береті мектеп.

1949 ж.  бастап   2009 ж.  дейін  мектепке  басшылық   еткен   директорлар:
Мелих   М.Я.  –   бірінші  директор
Архиреев  Е.Н. –  1953-  1974
Попова   Э.С.  –   1974 ж. дейін   оқу  ісінің   меңгерушісі
Кочешкова  Е.И.  –  1974- 1975
Нуртазин   Х. –  1976-1977
Черная  О.С.  –  1978
Ахмедзянов  Ф.И.  –  1979
Балыков  А.А. –  1980- 1984
Чебышева  Е.Д.  –   1985
Оразахаев  К.С.  –  1986
Мадиев  З.С.  –  1987-1989
Тепленький  А.С.  –   1989- 2008
Елеуов  Н.М.  –  2008-2009
Ғали   А.Қ.  –  2009-2010
Утешкалиев Е.Е. 2010-2011
ЗаузабаевЕ.А.  2011  ж. бастап күні бүгінге дейін.

 

 

Всего комментариев: 0