Мектеп формасы

«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Кешкі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысына сәйкес

Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).

Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, ақ, көк бантик (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

Білім  беру  ұйымдарының қызметі тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  ережелері мен  талаптары  ата-аналармен  бірге  жарғыға  сай  келісім  шарт  негізінде  жүзеге  асырылады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.

Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.

Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Қыз балалар үшін келесідей мектеп формасы бекітіледі:

Ақ түсті  жиде;

Қара түсті тізеден 2 сантиметр төмен белдемше;

Ыңғайлы және төмен аяқ- киім;

Бас киім, түрлі орамалдар тағуға тиым салынады.

Ер балалар үшін келесідей мектеп формасы бекітіледі:

Ақ жиде;

Қара түсті шалбар, қысқа балақ шалбар киуге тиым салынады;

Қара түсті аяқ- киім.

Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

Всего комментариев: 0